ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЛАЙЫҚТЫ ЖЕҢІСІ

Өз басым сайлауға түскен кандидаттардың әрқайсының сайлауалды бағдарламасымен жете таныстым. Себебі, жасыратыны жоқ, Елбасы өз Президенттік өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатқан сәттен бастап менің көңілімде ел ертеңі үшін бір алаңдаушылықтың пайда болғаны рас.
Осы орайда, менің таңдауым Елбасы саясатын жалғастырушы, «Нұр Отан» партиясы ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлына түсті. Мен өзім таңдаған кандидаттың жеңіске жеткеніне қуаныштымын.
Ендігі жерде Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді жаңа жетістіктерге, жаңа белестерге жеткізеді деген сенімдемін.
ӘБІЛБАЙ САДЫҚБАЕВ,
зейнеткер, Арал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы