Толқын » Қоғам » "Бала туатындай уақыт өткен екен": Бақыт Сұлтанов астаналықтардан кешірім сұрады
"Бала туатындай уақыт өткен екен": Бақыт Сұлтанов астаналықтардан кешірім сұрады
Нұр-Сұлтан қаласының бұрынғы әкімі Бақыт Сұлтанов елорда тұрғындарына алғыс айтып, қызметімен қоштасты. Шенеунік 9 ай әкім қызметінде жүріп, тәжірибе жинағанын, көптеген мәселенің шешімін тапқанын айтты.
"Құрметті астаналықтар, Нұр-Сұлтан қаласының құрметті тұрғындары! Менің де осы постты тастап, кезекті қызметке кететін күнім келді. 9 айдың қалай өткенін байқамай қалыппын. 9 айда адам баласы өмірге келеді. Мен бұл аралықта өзім 20 жыл тұрған қала шаруашылығының қаншалықты қиын екенін, мұнда жұмыс істеуге келетін адамдардың тағдырының әр алуан екенін көрдім. Бұл уақытта көптеген қала тұрғындарымен кездестім. Алданған үлескерлермен, көпбалалы аналармен, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылармен жолығып, бірқатар әлеуметтік объектілерге бардым. Мен үнемі әр мәселені шешімін табуға тырыстым. Егер мен қолға алған істің шешімін ұзақ күтуге тура келген болса, кешірім сұраймын. Мен қаланы одан әрі ұната түстім. Менің балаларым, немерелерім өскен қалада 20 жыл тұрсам да, тек 10 пайызын ғана көрген екенмін. Қаланың әр түкпіріне жұмыс сапарымен барып жүріп, мынадай даналық есіме түсті. "Ағаштың жапырағана қарап, оның орманының қандай екенін білуге болады. Орманға қарап, ондағы жапырақтарды көре алуың керек". Сондықтан қандай қызметте болмайын, мен әрдайым қала тұрғындарына қол ұшын созамын. Біз әлемге танылған көшбасшы елге айналуымыз керек. Мен әкім болып тағайындалғанда, балаларым туыстарыма әзілдеп "Енді көшеден қоқыс қағаздарын көрсеңдер, қалталарыңа салып жүріңдер" деген еді. Бұл әзіл шындыққа айналуы керек. Әр адам қоқысты жәшікке апарып салу керек. Сүйікті қаламыздың тазалығын сақтайықшы. Тазалық әр адамның өзінен басталады. Мені қолдаған, сенім артқан, мәселесін айтып келгендерге рахмет айтамын. Бұл мені үшін үлкен сабақ болды. Ел басшылығы мен елбасына маған сенім артқаны үшін алғыс айтамын. Маған сыйлаған шыны шарды зақымдау былай тұрсын, шаң түсіруге құқығым жоқ екенін үнемі сезінетін едім. Жаңа белестерде кездескенше. Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысының экс-әкімі Алтай Көлгінов бүгін, 13 маусымда, Нұр-Сұлтанның әкімі болып тағайындалды.