Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Өкінішке орай, данышпандар ерте кетеді": Димаш Денис Тенге деген сағынышын жеткізді

"Өкінішке орай, данышпандар ерте кетеді": Димаш Денис Тенге деген сағынышын жеткізді

Димаш Құдайбергеннің Денис Тен туралы жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті

Димаш белгілі спортшы Денис Теннің туған күніне орай желідегі парақшасында жазба қалдырған. Денис Тенді осылайша еске алған өнер иесі жақсы жандардың Аллаға керек екенін айтты. О дүниеде жаның пейіште шалқысын деп ниет етті ол. Димаш Құдайберген қатарласы Денис Тенді есіне алып, туған күнімен құттықтаған. 
"Өкінішке орай, данышпан адамдардар күнәға толы бұл өмірді ерте тастап кетеді. Бауырым, саған сол жақта жақсы шығар деп үміттенемін. Туған күніңмен, аңыз адам", - деп жазды Димаш Құдайберген.
Бұны көрген жұрттың жүрегі жібіп, көздеріне жас алған. Өнер иесінің жазбасына жанды елжіретер пікірлер білдіріп, ойларын ортаға салды жұрт.
"Денисті ешқашан ұмыта алмаймыз. Ол мәңгі жүрегімізде", "Жастардың аспанға кететіні өкінтеді", "Ол шынайы адам болатын", "Жүрегім елжіреп кетті", - деп жазды жұрт.
http://stan.kz
 
14 маусым 2019 ж. 1 032 0