Аншлаг: Димаштың Нұр-Сұлтанда өтетін концертінің билеттері толығымен сатылып кетті

Осылайша әлемді дауысымен тәнті еткен Димаш Құдайбергеннің астана күніне орай өтетін кешін халық асыға күтуде. 30 мың адамдық орынға арналған "Астана Аренаның" өзі Димаштың тыңдармандарына аздық ететін сыңайлы.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Димаш Құдайберген Нұр-Сұлтанда өтетін шоуының ролигін жариялағанын жазған болатынбыз.