Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Полиция ешкімді кінәлі деп таппады: Нұр-Сұлтандағы бес қыздың өліміне қатысты іс тоқтатылды

Полиция ешкімді кінәлі деп таппады: Нұр-Сұлтандағы бес қыздың өліміне қатысты іс тоқтатылды

Нұр-Сұлтандағы көпбалалы отбасынан шыққан бес қыздың қазасына қатысты іс тоқтатылды. Бұл туралы қалалық полиция хабарлады.

"Қыздар қайтыс болғаннан кейін біз толық тергеу жүргіздік, тергеуді Нұр-Сұлтан ІІБ-нің тергеу бөлімшесі жүргізді. Қажетті тергеу, тексеру жүргізгеннен кейін істі тоқтату туралы шешім қабылданды. Нәтижесі заңдылықты тексеру үшін прокуратураға берілді", - деді полиция департаменті тергеу бөлімі басшысының орынбасары Қайрат Артықов.
Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген. Олардың ең кішісі – небәрі 11 айлық. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.
Марқұмдарды жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды.
http://stan.kz
14 маусым 2019 ж. 726 0