Толқын » Қоғам » "Құйылған балмұздақ": Жолдыбаеваның жаңа образы жұртты таңғалдырды
"Құйылған балмұздақ": Жолдыбаеваның жаңа образы жұртты таңғалдырды
Қызыл кілемге ерекше киініп келген Жолдыбаева жұртты таңқалдырды,
Star of Asia фестивалінің қызыл кілеміне белгілі әнші Кәмшат Жолдыбаева сақ патшайымының киімін киіп келген. Ерекше образымен көзге түскен өнер иесіне жұрт жарыса пікір жазды. Жолдыбаеваның тарихи образы халықты таңқалдырған. "Өте әдемісіз", "Талантыңыз бен сұлулығыңызға тәнтімін", "Жарайсың, Кәмшат! Нағыз өнер иесісің. Тек қана жаңалық күтеміз", "Қазақи үлгідегі ерекше образыңыз көздің жауын алады", - деп өнер иесінің сұлулығына тәнті болды. Алайда Кәмшат Жолдыбаеваның бейнесін жақтырмағандар да бар. Олар да өз ойларын жазып, пікір қалдырған. "Құйылған балмұздақтың астындағы вафлиін басына төңкеріп қойған сияқты", "Шырынның мәдениетті түрі сияқты болып кетті", "Екінші Бузова", "Қазақтың киімін тағы да мазақ қылу деп түсіндім", - деп теріс пікір білдіргендер де табылды.