Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтауда тәртіп сақшысы той кортежін өткізбей қойды: Полиция себебін түсіндірді

Ақтауда тәртіп сақшысы той кортежін өткізбей қойды: Полиция себебін түсіндірді

Ақтауда полицей той кортежінің жолын жауып, өткізбей қойған. Полиция мұның себебін түсіндірді

Желіде оқиғаның видеосын тарады. Онда тар көшеде кортеждің маңында екі ер адамның сөйлесіп тұрғаны көрінеді. Олардың бірі – полиция қызметкері. Видео кадрларынан оның 7-10 көліктің жолын жапқаны байқалады. 
Полиция мәліметінше, тәртіп сақшысы осылайша жол ережесін бұзғандарды патрульдік полиция келгенше ұстап тұрған.
«Аталған дерек 16 маусымда тіркелді. Полиция қызметкері түнгі ауысымнан үйіне қайтып келе жатқан. Сол кезде той кортежін көріпті. Үш көліктегі адамдар терезеден шығып алып, осылайша, жол ережесін бұзған. Полицей олардың жолын жауып, патурльдік көлікті шақырды. Үш көліктің жүргізушілеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», - дейді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Ибатулла.
17 маусым 2019 ж. 582 0