Он жылдан бері қиналып келген Айшабибі жылт еткен жарықты көргісі келеді

Қыздың 10 жылдан бері көзі көрмейді. Күн ысыса болды, басының ауыратыны тағы бар. Құлап қалғаннан кейін дәрігерге қаралмаған. Бұл жайлы қыздың атасы айтып берді.
"Шетелге баруға жағдай жоқ.Ташкенттегі дәрігерлер әкел ота жасаймыз, бірақ кепілдік бере алмаймыз дейді. Көңілде күдік болып, оған баруға жүрексіндік. Бір емес, екі рет бардым. Ота жасаймыз 12 миллион сом сұрап отыр. Қыздан айырылып қалам ба деп қорқады. Алты жасында менің қолыма барған. Анасы босанғаннан кейін, сегіз айлық баласымен ес-түссіз ауруханаға түседі. Содан кейін қыздарды алып кеткенмін. Үшінші сынып оқып жүргенде "Ата менің көзім көрмейді, жазуларды көрмеймін, арыққа түсіп кеттім" деді. Содан балалар дәрігеріне бардым. Анализ алмастан витамин салып тастаған. Витамин ескі ауруды қоздырады екен. Сөйтті де, ісік үлкейіп, көздің тамырын қысып қалады", - дейді Айшабибінің атасы Заманбек Зияиев.