Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Балаларға қараудың орнына селфи жасап отырған": "Хан Шатырда" суға батып көз жұмған қыздың анасының хаты жарияланды

"Балаларға қараудың орнына селфи жасап отырған": "Хан Шатырда" суға батып көз жұмған қыздың анасының хаты жарияланды

Желіде «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығындағы бассейнге батып кеткен қыздың анасының хаты пайда болды. Марқұмның анасы қызының өліміне ересектерді кінәлаған

Instagram желісіндегі zhaloby_astana паблигінде жарияланған хатта оның авторы «қайтыс болған қыздың анасы» деп көрсетілген. 
Марқұмның анасының сөзінше, хатты жазуына мектеп басшылығының БАҚ-қа жасаған мәлімдемесі себеп болған. 
«Қызым дамымай қалған болып шықты. Денесінің тырысып қалғаны туралы жазады. Соған қарамастан картасының таза болғанын айтады», - дейді марқұмның анасы. 
Анасының сөзінше, марқұмның сіңлісі оқиғаның қалай болғанын өз көзімен көрген. 8 жасар Ажар құлап, суға батып кеткен кезде ересектер селфи жасап, желіде отырған екен.
«2019 жылдың 3 маусымында қызым Ажар көз жұмды. «Хан Шатырдағы» жағажайда суға батып кетті. Ол 8 жаста еді. 1-сыныпты тәмамдады. Ол балаларға қараудың орнына, селфи жасап отырған ересектердің кінәсінан көз жұмды. 
Оқиғаның қалай болғанын ешкім жазып, айтып жатқан жоқ. Сол маңда болып, бәрін өз көзімен көрген сіңлісінің сөзінен не болғанын білемін. Ажар құлап қалып, есінен танып, суға құлаған. Ол суда ұзақ жатып қалған. Сіңлісі тәлімгерлерді шақырмақ болғанымен, олар алыста отырғандықтан, естімепті», - делінеді марқұмның анасының хатында. 
Сондай-ақ автор қызының мәйітін жуғанда оның маңдайынан үлкен ісікті көргенін айтты. 
«Сіңлісінің әпкесінің жоқ болып кеткеніне назар аудармағанын жазуда. Адамдар! Бала көмек сұраған. Ол әліге дейін өзін кінәлі сезінеді! 
Лагерьге баруға мәжбүрлемегендерін жазуда. Тіпті, мені айнытпақ болыпты. Жазылған хабарламалардың сақталып қалғаны жақсы болды. 
Бәрін жазып жатыр, бірақ өлімінің себебін емес. Бізге лас сөздер айтқанша, неліктен қызымның өліміне кінәлілерді жазаламасқа?» - дейді автор.
Өз хатында ол перзентін жоқтаудың орнына жан-жаққа жүгіріп, әлденені дәлелдеп, тіпті, мәйітті қазып алуға дейін баруға мәжбүр екенін жазды. 
«Қызымның ары үшін, дін ережелерін бұзып, мәйітті қазып алуға мәжбүрміз. Психологтарға баруға мәжбүрміз. Себебі сіңлісі психологиялық зақым алған. 
Ересектер әпкесінің Айжанның көз алдында көз жұмғанын ойламады. Олар ны су-су купальникпен 2 сағат киінетін бөлмеде ұстап, заттарын табуын және шкафтың 3 санын есіне түсіруін талап еткен. Ал мен әрқайсының сөмкесіне сүлгі салып бергенмін. Біздікін таппаса да, баланы әлденемен қымтап қойса болар еді. Мен отбасым туралы жаман нәрсе айтпақ түгілі, ойлауға да жол бермеймін», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетсек, 3 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы ойын-сауық орталығында қыз бала бассейнге батып кетті. Ол №10 мектепте 1-сыныпты тәмамдаған. Көпбалалы отбасының тұңғышы болған.
09 маусым 2019 ж. 879 0