Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкесі асүйге кеткен: Қарағандыда бір жасар қыз ваннадағы суға батып көз жұмды

Әкесі асүйге кеткен: Қарағандыда бір жасар қыз ваннадағы суға батып көз жұмды

Қарағандыда бір жасар қыз өз үйіндегі ваннада суға батып көз жұмды,

Қарағандыда 30 жастағы ер адам бір жасар қызын су толтырылған ваннада жалғыз қалдырып, өзі асүйге кеткен. Осы кезде сәби суға батып кетіпті. Ер адам қайтып келгенде, қызының жансыз жатқанын көрген. 
«Аталған факт ҚР ҚК 141-бабы 2-бөлігі (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау салдарынан абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай тізімдемесіне енгізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады», - дейді облыстық полиция департаментіндегілер.

http://stan.kz  

07 маусым 2019 ж. 780 0