"Жұбайыма қолын ұстап отырып сөз бергем": Медеу Арынбаевтың оқиғасы жұрттың жүрегін елжіретті
Әйелінен ерте айырылған Медеу Арынбаев балаларының қамы үшін аянбай еңбек етіп келеді. Жақында қатты ауырып ота жасатқан ол аяққа тұруыма әйеліме берген уәдем септігін тигізді дейді. Қос құлынының болашағын өз мойнына алған Медеу Арынбаев жан тебірентерлік оқиғасымен бөлісті."Мен ұл-қызымды жететін жеріне жеткізуім керек. Жұбайыма қолын ұстай отырып, Алланы атап сөз бергенмін. Ес-түссіз жатып, кетерін білгенде уайымдама Дәулетіміз бен Даянамызды мен аяққа тұрғызамын, мен сені сүйемін деген сөздерім есіме түсті", - дейді Медеу Арынбаев.
http://stan.kz