Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Медеу Арынбаев той қамына кірісті

Медеу Арынбаев той қамына кірісті

Жас қыздардың жаңа махаббаты – Медеу Арынбаевтың ұлы. Бір кездері әкесінің “Батыр болар ма екенсің” бейнебаянына түскен бүлдіршін бүгінде сымбатты бозбалаға айналды. Дәулетке ғашық қыздар көп, алайда Арынбаевтың жүрегі жалғыз.

Медеудің ұлы отбасына лайықты қызға қандай талаптар қоятынын НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтып берді, деп жазады Stan.kz.
Бүгінде Дәулет Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде студент. 2-курста білім алады. Естеріңізде болса, былтыр Дәулеттің белгісіз арумен сүйісіп тұрған суреті желіде тарап кеткен еді. Соған қарап жұрт Арынбаев жақын арада келін түсіруі мүмкін деп те топшылады.
“Бір кездері бірдеңе болды, иә! Қалжыңдап бір нәрсе айтса, кетіп қалады ғой. Мен ондай еш сайт қарап, ғаламтор қарап әлек болып жүрген мен жоқ. Мен түсінбеймін оны қалай ашатынын”, – дейді Медеу Арынбаев.
“Достарымның бәрі хабарласты. Интернеттен сені көрдім. Үйленесің бе деген сияқты әңгімелерді айтады”, – дейді Дәулет Арынбаев.
Медеу Арынбаев ұлының ертерек шаңырақ көтергенін құп көреді. Өйткені, өнер иесінің өзі, серілік құрып, 30-дан асқан шағында отау құрыпты.
“Мен сияқты 31-ге дейін жүрмесе болды. 22-23 жасында рұқсат бере беремін. Үйленемін десе болды. оқуын жақсылап оқысын. Оқуын алып алса екен дейсің ғой қайткенде де”, – дейді Медеу.
Осы орайда Дәулеттің де жеке өміріне қатысты жоспарын білген едік. Әке мен баланың ойы бір жерден шығатын сыңайлы…
“Жиырма екіде деп ойлаймын. Қазір әлі ерте ғой. Жақсы қыздар ұнайды. Әдемі қыз, тамақ жасай алатын. Өте сүйкімді, адал қыздар ұнайды маған”, – дейді Дәулет Арынбаев.
Дәулеттің дәл қазір көңіл жарастырып жүрген сүйіктісі жоқ. Жас жігіт жүрегінің жартысын жолықтырса, әуелі әкесімен таныстырып, кейін әулеттегі дүбірлі тойға дайындықты бастамақ!
Stan.kz
10 қазан 2018 ж. 3 434 0