Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕДЕУ АРЫНБАЕВ БАСЫНА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАТТЫ

МЕДЕУ АРЫНБАЕВ БАСЫНА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАТТЫ

Әнші Медеу Арынбаев жақында басына күрделі ота жасатты. Бұл туралы әншінің өзі «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.
«Бір айдан енді асып жатыр, басыма үлкен он сағаттық ота жасалды. Операция болды он сағат. Шашымның жоқтығы ғой. Бір айдың шамасын тап-тақыр қылып алып тастады. Енді-енді өсіп жатқан кезең.  Ес жоғалту. Енді түсінікті болар, эпилепсияның бастамасы. Бастамасын қолға алдық. Соған кетіп бара жатыр еді. Бұрынғы кезеңдерде жылына бір рет көз қарауытып, бас айналып, ес жоғалтатын жағдайлар болушы еді. Бір 5 минуттық, одан кейін ес жиып алатынмын. Дәрі-дәрмекті уақытылы ішіп тұру керек, көп жүру керек. Енді-енді бір айдан асты, спортпен аздап дене шынықтыру керек. Дәрігерлердің берген кеңесімен тамақтану керек. Сондықтан мен 3-4 ай қатаң режимде болуым керек»-дейді әнші.
http://reactor.inform.kz
22 мамыр 2019 ж. 1 264 0