Мерзімінен бұрын босанып қалған: Бауыржан Сатов қызының дүниеге келуі туралы айтып берді

Аяқ аястынан енесінің орнына Альбина Шардароваға қайын әпкесі көмектескен. Тіпті Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова қажетті заттарды да дайындап үлгермеген сыңайлы. Осылайша кішкентай періште ата-анасымен ерте қауышып, отбасын шаттыққа бөлеген.
"Түнде әпкем хабарласып, "Бауыржан, мен үйге келіп қалдым, қайдасыңдар?" дейді. Мен үйде емеспіз, бізде басталды, сіз кіресіз дедім. Сөйтіп әпкемді жолдан алып кетіп, Альбинаға сол кісі қолдау білдірді. Көп заттарын дайындап үлгермегенбіз. Түні бойы дүкен аралап, керегін алып келіп, көлікте көзім ілініп кетіпті. 15 минуттан соң әпкем хабарласып, қызымның дауысын естіртті. Ол кездегі сезімімді ауызбен жеткізе алмаймын", - дейді Бауыржан Сатов.