"Жігіттер" тобының құрылуына "Мұзарттың" үлесі зор: Бағлан Әбдірайымов шындықты айтты

Мейрамбек Бесбаевты жер көкке сыйғызбай мақтаған ол "Жігіттер" тобының құрылуына "Мұзарттың" әсер еткені туралы ашық айтты. Мұзарттықтар інілерін бізден де мықты боласыңдар деп қанаттандырған көрінеді. Айтқандары аумай келді деп алғысын жеткізді Бағлан Әбдірайымов.
"Сонда Мейрамбек ағамыздың айтқаны есімде. "Керемет жігіттер, жолдарың болсын! Сендер Мұзартты басып озасыңдар" - дегенде, сасқалақтап қалдық. "Жоқ аға, қайдан?" - деп таңырқап қалдық. "Озасыңдар, тек бойдақтықтарыңмен" - деп жымиып күлді. Уақыт өтіп ел арасында жүріп, "Мұзарт" тобымен теңсіңдер, оздыңдар, Қазақстанда екі топ бар, олар сендерсіңдер деген жылы сөзді көп естіп жүрдік! Төртеуміз де отбасылы болған соң, оздыңдар деген сөзді естуді қойдық. Естімей жүргеніміз де жақсы еді. Өйткені, "Жігіттер" тобының құрылуына "Мұзарт" тобының үлесі зор. Содан соң, қалған екі теңеуге мәз болып келеміз. Оның өзіне ыңғайсызданамыз. Айтпағым, ағамыз тек әнімен емес даналығымен сөз тапқырлығымен адамгершілігімен ерекше! Аман жүріңіз, аға!" - деп жазды Бағлан Әбдірайымов.