Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бақытты ақшаға айырбастадық": Бағлан Әбдірайымов ұрпақ тәрбиесі жайлы айтты

"Бақытты ақшаға айырбастадық": Бағлан Әбдірайымов ұрпақ тәрбиесі жайлы айтты

Бағлан Әбдірайымов ұрпақ тәрбиесі жайлы айтып, таңдау жасауға жасқанбайтынын жеткізді

Бақыттың бәрін ақшамен өлшеп кеткендіктен, құндылықтарымыздан айырылып бара жатырмыз деп жазды өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында. Өзінің басындағы қарыздарын да жасырмады ол. Өзіңнің ойлау еркің, пікірің, таңдауың болғанының өзі бақыт дейді Әбдірайымов.
"Біз бақытты ақшаға айырбастағалы қашан. Ақшаның астында бар іздеген бақытымыз жатқан секілді. Әсілінде олай емес. Кеше елдер "Сен митинг болғанда қайда жүрдің" дейді. Таңдау өзімдікі болған соң отбасымды алып, саябаққа серуендеп қайттым. Бақыт қасымда. Көше кезіп, сөзге еріп өзгенің ойымен жүретін емес, өз ойым бар. Иә, иә "Аш бала - тоқ баламен ойнамайды" дейсіз ғой. Шүкір, үйі жоқ туыстарым бар, жұмысы жоқ ағайындарым бар, төлейтін кредитім бар, аз-маз қарызым бар. Өкіметтің сойылын соғып жүр деп ойласаңыз, бұл "проблема" қайдан болсын" - дейді Бағлан Әбдірайымов.
Ұрпағың бейбіт өмір сүрсін десең дамуды өзіңнен баста деп ақыл айтты Бағлан Әбдірайымов. Осылайша өнер иесі барды бағалап, білекпен емес, біліммен жеңіске жету керек екендігін ұғындыруға тырысқан. Тіпті үй салу үшін де ерік-жігер керек дейді Бағлан Әбдірайымов.
"Ел тыныш, тұрақты болса талай биікті бағындырып, ел ағасы, ақсақал болып, мәнді өмір сүрсем деймін. Көпшіліктің де ниеті сол. Білекпен емес, біліммен жеңіске жету керегін көз көрді, көңіл сенді. Жай ғана мысал "Отан - отбасынан басталады", - деді М. Әуезов. Өзің дамы, ұрпақ тәрбиеле. Ұрпағың - ел болады. Елің сол - Отаның! Тілекшімін қазаққа. Тілекшімін бірлікке, тірлікке. Барды бағалап, шүкірлік етіп, болашақ кірпішін қазірден қалайық. 5-10 жылда төбесін жауып, сапалы үй тұрғызып алуға әбден болады. 100 % гарантия. Тек, сабыр мен еңбек қажет. Өз ойым", - дейді
http://stan.kz
10 маусым 2019 ж. 1 508 0