Бағлан Әбдірайымов: "Әйел басқара алмайтын жағдайға жеттік"

Еще оларға жазылып, "ЛАЙК" басамыз ғой, шіркін. Әйел басқара алмайтын жағдайға жеттік. Сырттан деп жүргенімізбен ондай емеспіз. Сөзіміз өтпейді. Майдаланып біттік, қысқасы. Эфирде осындай бағдарлама басқарып, жүргізіп жүрген /қалаулым, өз ойым, кел келінім/ басшылықтағы еркек кінәлі. Өйткені, оны уйде әйелі басқарады. Өз басым, Шешендердің қыздарын немесе Дагестандық арулармен жүріп, туғызып тастап кеткен, құлақтан теуіп кеткен ҚАЗАҚ жігітті көрмеппін. Неге? Өйткені еркегі мықты. Жол бермейді. Айғырдың өзі үйріне еге. Біз кімбіз? Ал, неге бізде бәрі болады. Еркектер қайда? Олар өз қарындастарына қиянат жасап әлек болуда. Саунада жүр немесе Саин, Сейфуллин көшелерінде нәпсінің жетегінде жүр. Омар Жалел ағамыз айтып еді: "Ер" ол - рух, дене - қатын, деп.
"Ер" жоқ, қатын көп. Жүрміз дене мүшемізді басқара алмай. Еще, спортқа барсаң "разно-раз" шақыратын ерсіздерді айтсай. Сенімен жаға ұстасқанша абыройымды ұстап қалғым келеді. Қазақ - қазаққа қалай шүйлігеді, не үшін? "Әр қазақ менің жалғызым" деп, Сабыр Адай не үшін ұрандатты? Отанын сүйді, бәрін бауыр, қарындас көрді! Қоғамда мына біздер ерсізден қорқыңдар - Аналар, жеңгелер, қарындастар! Кешіріңіздер! Еркек болсам да менің де намысы тиіп отыр. Менің де анам, қарындастарым, қыздарым бар. "Біздің елдің жігіттері, жігіттердің сырттаны" едік, ал енді ҚҰРТТАРЫ болдық.
Ес жинайық жігіттер!!! Отан - отбасынан басталады. Егер де, әрбіріміз (еркектер) өз отбасымызға ие боп, қарындастарымызды қорғаштай білсек, қыздарымызға ие болсақ, өзгенің аруларын да өзіміздей көріп, сыйласақ, мұндай xалге бармас едік! Өз қарындасымызға мықтымыз деп ойлаймыз, біреудің қарындасының арымен ойнаймыз, сол сәтте үшінші біреу Сіздің де үйдегі қарлығаштың айылдарын ашып кетуде.
Бағлан Әбдірайымов.Осылай деп жазба қалдырған әнші Бағлан қазақ жігіттерін ес жинауғашақырған. Бұл туралы жазбаны Кульшан Нурбекова есімді әлеуметтік желі "Қызықтың бәрі ОСЫНДА" парақшасына сілтеме жасады.