Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматылық ару 500 мыңға баласын сатпақ болған

Алматылық ару 500 мыңға баласын сатпақ болған

500 мыңға баласын сатпақ болған алматылық бойжеткен елдің жағасын ұстады. 22 жастағы Гүлмира есімді бойжеткенді жігіті тастап кеткен. «Өз ойым» бағдарламасына қонаққа келген бойжеткен жан сырымен бөлісті. 
NUR.KZ. хабарлағандай, жігітімен бір жыл кездескен Гүлмираның аяғы ауыр болып қалғанда жігіті аборт жасатуға ақша беріп, оны тастап кеткен.
«Аяғым ауыр екенін білгенде жігітім жанымда жүріп, бәрі жақсы болатынын айтты. Ал екі аптадан кейін ақша беріп, аборт жасатуымды өтінді. Содан кейін көрмедім. Мен өзім салонда шаш қиямын. Балаға қазір 14 апта. Анализдерім дұрыс, баланың дені сау. Үйде бауырыммен тұрамын. Ол білмейді. Жасырып жүрмін. Балам білінген сәтте жұмысымды басқа қалаға ауыстырып, сол жақта баламды жақсы отбасыға беріп, кредитімді жапқым келеді», — деді Гүлмира.
«Мен баланы еріккеннен сатайын деп жатқан жоқпын. Балама 14 аптада бауыр басып та қалдым. Басымда 500 мың кредитім бар. Оның үстіндегі өсімі күн сайын артып жатыр», — деді ағынан жарылған Гүлмира.
jasqazaq.kz
05 маусым 2018 ж. 1 089 0