Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бәрін өзгертуге әрекеттенудемін": Бір кездері құмар ойынға салынған Бағлан Әбдірайымов жұртқа көмектеспек

"Бәрін өзгертуге әрекеттенудемін": Бір кездері құмар ойынға салынған Бағлан Әбдірайымов жұртқа көмектеспек

Құмар ойынға салынып кеткен Бағлан Әбдірайымов жұртқа көмектеспек

Белгілі әнші Бағлан Әбдірайымов біраз уақыт бұрын құмар ойынға салынып кеткені жайлы айтқан болатын. Енді өнер иесі құмарлықтың шырмауында қалған адамдарға көмектесемін деп шешкен.
"Өткен жолы құмар ойын жайлы ағымнан жарылып сұхбат берген едім, естеріңізде болар. Шүкір, содан бері өзімді өте жеңіл, жүзім ашық сезінемін. Иә, иә, қарыз болғаным да жасырын емес. Көбі кетіп, азы қалды ғой. Бұл мәселеде құрдымға кеткен мен ғана емес, қарызға берушілер де зардап шекті ғой", - деп жазды Бағлан Әбдірайымов.
Істегенін мойнына алып, өзін өзгертуге әрекет жасаса да, кей кездері уәдесінде тұрмай қалатын уақыттар болатынын жасырмады ол. Алайда, өзі дертінен айыға алмай жүрсе де, басқаларға кеңес беремін дейді әнші.
"Алдағы уақытта дәл осы тақырыпты көпшілік алдында қозғап, санасы уланған жастарды, шаршаған ата-аналарды, жанашыр бауырларды жинап, арнайы семинар әлде рухани кеш жасасам деген ойға келдім. Амалдан ниет жоғары болса, өте қатты ниеттімін. Пайдасының да орасан зор екеніне сенімдімін. Өйткені, мен жай кітаптан оқыған теориямды емес, өмірде көргенімді қозғаймын. Менің сіздерге пайдам осы болмақ. Оқиғаның өмірден алынып, шынайылылығы өзгеге де тез түсінікті болады. Алла жәрдемші болса, ойды өзгертуге ықпалым тиері сөзсіз", - дейді Бағлан Әбдірайымов.
http://stan.kz
30 мамыр 2019 ж. 1 024 0