Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бағлан Әбдірайымов комада жатқан анасының жағдайы туралы айтты

Бағлан Әбдірайымов комада жатқан анасының жағдайы туралы айтты

Әнші, “Жігіттер” тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымов анасының комаға түсіп қалғанын айтқан еді. Бүгінде анасына жан сақтау бөліміне ауыстырылған. Жағдайы бірқалыпты көрінеді, деп жазады Stan.kz.

Бағланның айтуынша, бүгін анасының жан сақтау бөлімінде жатқанына жетінші күн болған.
«Анамның жағдайы бір қалыпты. Жансақтау бөлімінде. Қызуы түссе көзін ашып, дәрігерлердің айтқанын орындайды. Көтерілсе қиналып қалады. Әзірге дәрігерлер осымен алысып жатыр. Бастапқы 7 күннен өтсе, жақсарады екен», – деп жазды Әбдірайымов Instagram-парақшасында.
Сондай-ақ, ол қасиетті жұмада анасының денсаулығы үшін дұға жасауды сұрады.
«Алладан жәрдем тілеп, дұға жасасақ жағдайы жақсарып қалар. Аналарамыз аман болсын! Көптің тілеуі қабыл болсын!» – дейді әнші.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Бағлан Әбдірайымов анасының комаға түсіп қалғанын айтып, көпшіліктен дұға жасауын сұраған еді.
Stan.kz
10 тамыз 2018 ж. 1 712 0