Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде жігіттер арбадағы қарияны ұрламақ болғандарды ұрып тастады

Ақтөбеде жігіттер арбадағы қарияны ұрламақ болғандарды ұрып тастады

Ақтөбеде белгісіз біреулер тұрғылықты мекен жайы жоқ арбаға таңылған қарияны ұрламақ болды. Алайда тұрғындар қарияға араша түсті,

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Оның жазбасында мүгедектерге арналған арбада отырған қарияны ұрламақ болғаны жазылған.
Видео кадрларынан белгісіз біреулердің арбаға таңылған қарияны көлікке отырғызып, ұрламақ болғаны көрінеді. Алайда бірнеше жігіт көліктің есігін ашып, оларды ұрып тастап, қарияны құтқарып қалды.

Полициядағылар көлікті тізгіндеген адамның тұлғасы анықатлып, ұсталғанын мәлімдеді.
"Таксист анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жолаушыларды қайдан алып, қай жерге жеткізгені анықталуда. Сондай-ақ кешеден бері төбелеске қатысқан жолаушыларды анықтау жұмыстары жүріп жатыр", — дейді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

http://stan.kz 

20 маусым 2019 ж. 441 0