Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүк қоятын жерде жатыр: Билетсіз адамдарды мінгізген жолсеріктердің басы дауға қалды

Жүк қоятын жерде жатыр: Билетсіз адамдарды мінгізген жолсеріктердің басы дауға қалды

Ақтөбе-Маңғышлақ пойызындағы жолаушылардың бірі плацкарт вагон мен тамбурда билетсіз жатқан адамдарды видеоға түсіріп алған. Видеожазба тарап кеткеннен кейін жолсеріктердің басы дауға қалды.

Ақтөбелік жолсеріктер билетсіз жолаушыларды пойызға мінгіземіз деп басы дауға қалды. Ақтөбе-Маңғышлақ бағытындағы пойыз жолаушыларының бірі билетсіз жолаушыларды видеоға түсіріп алып, оны жолсеріктердің басшыларына жіберген. 
Видео авторының сөзінше, 54 орынға есептелген вагонда 90-ға жуық жолаушы жатыр. Адамдар жүк қоятын үшінші сөреде ұйықтаса, тіпті балалы әйел тамбурда түнеген.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ақтөбелік филиалындағылар аталған жағдайға байланысты тексеруді бастап кетті. «Батыс» жолаушылар тасымалы бойынша директордың орынбасарының сөзінше, аталған вагонның жолсеріктері мен пойыз басшысы анықталыпты.
«Жолсеріктерді заңды демалысында шақыра алмаймыз. Оның үстіне, олар өздерін нашар сезініп тұрғанын айтты. Алайда бірер күннен кейін барлығы басшылық алдына келеді. Егер бәрі расталса, жолсеріктер жұмысынан қуылады», - дейді директордың орынбасары Гүлім Усаева.
20 маусым 2019 ж. 1 147 0