ҚТЖ стоп-кранды жұлғаны үшін төленетін айыппұл туралы айтты

Ағымдағы жылдың алғашқы 5 айында компанияға қарасты пойыз бағыттарында 46 рет стоп (тоқтату)- кранының жұлынғаны анықталды. Оның 13-ші жолаушылардың ұқыпсыздық салдарынан, 5 рет – пойызға кешіккендіктен, ал 4 рет жолаушылардың жолда денсаулықтарының нашарлауына қатысты жұлынған. Сол сияқты 4 рет шойын жол үстіндегі бөгде адамдардың өміріне қауіп төнген кезде және де стансаға тоқтаған уақытта жолаушылардың түсіп үлгермеген сәтте, сонымен бірге 3 рет мас жолаушылар мен шығарып салушылардың кесірінен пойыз жүрісі тоқтатылған.
Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларына жолда өте мұқият болып тасымалдау ережелерін қатаң сақтауларын сұрайды.