Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауруханаға жатқызбай қойған: Қарағандыда денесіне ұшық шыққан әйел көз жұмды

Ауруханаға жатқызбай қойған: Қарағандыда денесіне ұшық шыққан әйел көз жұмды

Қарағанды тұрғыны бір тәулік ішінде үш рет жедел жәрдем шақырып, өз аяғымен екі ауруханаға барған. Алайда барлық жерде оны ауруханаға жатқызудан бас тартыпты. Салдарынан әйел денесіне шыққан ұшық үшін қайтыс болды.

Светлана Зуброва 47 жасында қайтыс болды. Ол денсаулығына еш шағымданбаған екен. Мамыр айында ғана скринингтен өтіп, дәрігерлер қабырғааралық невралгияны ғана анықтаған.
Алайда ол 11 маусым күні жамбасының ашып ауыратынын сезіп, бөртпе пайда болғанын байқаған. Ауру маза таптырмағандықтан, жедел жәрдем шақырады.
«Тұз ертіндісін жасап, жамбасыма басып, ұйықтауға кеңес берді. Әлдене шағып алғанын айтты. Оның бәрін жасадым. Қайтадан жатып қалдым», - деген екен қайтыс болған әйел жазбада. 
Алайда әйелдің жамбасында өсінді пайда болып, оны травматологиялық пунктіден тері-венерологиялық диспансерге жіберген. Ол жердегілер теміреткі шыққанын айтып, 10 күндік ем тағайындапты. Алайда әйелдің аяғындағы ісік одан сайын ұлғайып, Светлана 12 маусымда тағы жедел жәрдем шақырған.
Артынша ол инфекциялық ауруханаға барыпты. Алайда барлық жерде ауруханаға жатқызуға себеп болатын белгілер жоқ екенін айтып, ауруды басатын дәрі салып берген.
«Ауруханаға жатқызуға келмейді. Дене қызуыңыз 40-қа жеткен жоқ. Өзіңізді қалыпты сезініп тұрсыз», - деген. Алайда анам нашар күйде болған. Ол айқайлап, жылады. Оның бәрін телефон арқылы естідім», - дейді Светлана Зуброваның қызы Анна Аитова. 
Сол күні кешке Светлана тағы да жедел жәрдем шақырады. Ауруды басатын дәрі салғаннан кейін оның қан қысымы күрт төмендеп кеткен. Артынша әйелді жансақтау бөліміне алып кетіпті. Ал ертесі күні туыстарына Светлананың қайтыс болғанын хабарлаған. 
Өзрігерлер хаттамаға сәйкес әрекет еткендерін айтып отыр. 
«Бір тәуліктен аз уақыттың ішінде ұшық инфекциясымен қатар тілменің қабынуы пайда болып, мұның бәрі инфекциялық-улану шогымен асқынған. Барлық кезеңде әйелдің жағдайына сай медициналық көмек көрсетілді», - дейді №1 қалалық аурухананың директорының орынбасары Радмила Габдрахипова.
Дәрігерлер барлық әрекет емдеу хаттамасына сай атқарылғанын айтады. Онда әр ауру үшін жеке ереже бар. Хаттама бойынша, Светлананың бойындағы ұшық инфекциясы мен тілменің қабынуы кезінде ауруханаға жатқызу керектігі көрсетілмеген. Ол үшін әйелдің жүйке жүйесі, көз көруі немесе ішкі ағзалары зақымдалуы немесе басқа да ауыр дерттері болуы керек екен. 
Ал Светлананың қызы дәрігерлердің уәжімен келіспейді. Ол медицина қызметкерлерінің кінәсін дәлелдемек ниетте.

http://stan.kz  

20 маусым 2019 ж. 1 321 0