Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Не үшін мұсылман боп жүрміз?": Талдықорғанда бейіт басында кәуап пісіргендер жұрттың жағасын ұстатты

"Не үшін мұсылман боп жүрміз?": Талдықорғанда бейіт басында кәуап пісіргендер жұрттың жағасын ұстатты

Талдықорғанда бір топ азамат зираттардың ортасында кәуап пісірген. Басқа жер таппағандай, бейіт басында осындай әрекет жасаған бейтаныс адамдардың видеосы желіде тарап, халықтың жағасын ұстатты. Ең сорақысы, бейіт басын демалыс орнына айналдырып, кәуап дайындағандар кінәсін мойындағысы келмейді. Ал полиция қызметі бастапқыда істі қысқартып тастап, видео желіде тарап, халықтың наразылығын тудырғаннан кейін қайта іс қозғапты.

леуметтік желіде тараған видеоның авторы Сандуғаш Дүйсенова «екі моланың ортасында түтіндетіп, кәуап дайындап жатқандарды көргенде жағамды ұстадым» дейді. Зираттың тазалығына жауаптымын деген ол кәуап пісіргендер бейіттің басындағы шлагбаумдағы құлыпты сындырып, басып кіргенін айтып ашынады.
«Жазған арыздарымның бәрін қараусыз қалдырды. Егер өліктердің жанында кәуап пісіріп, тамақ жеп, жынойнақ жасап жатсақ, бұл жерде мұсылман болып не үшін жүрміз?» - дейді Сандуғаш Дүйсенова.
Ал зиратта бұрыннан бері тас орнатумен айналысамын деген азамат кәуап пісірмегендерін, ештеңені сындырмағандарын айтады. 
Сандуғаш Дүйсенова зиратқа жақын жердегі шлагбаумның жақында орнатылғанын айтады. Ол бейіт басындағы ұрлық пен вандализмге тосқауыл қою мақсатында орнатылыпты.
Алматы облыстық полиция департаменті бейіт басындағы шлагбаумды сындырғандардың үстінен ҚР ҚК 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша іс қозғалып, сот алды тергеу басталғанын хабарлады.
http://stan.kz
 
21 маусым 2019 ж. 704 0