Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бес жұлдызды қонақ үйдегі жасырын камераға түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты

Бес жұлдызды қонақ үйдегі жасырын камераға түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты

Қытайда «Weibo» әлеуметтік желісінде пайда болған «Стақандардың сыры: Бес жұлдызды қонақ үйлер туралы сіз білмейтін нәрселер» деген атаумен жарияланған видеоға қатысты дау туды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.Қытайдың бірнеше қымбат қонақ үйлерінде жасырын камераға түсірілген видео жергілікті қызметшілердің бөлмелерді қалай тазалайтынын көрсетеді. Осы видео олардың қарапайым гигиеналық нормаларды сақтамайтынын дәлелдеді.
Қонақ үй қызметкерлері, ерлер де, әйелдер де шұңғылшаның (раковина) жанында жатқан қонақтар пайдаланған сүлгілерді алып, үстелдердің бетін және шұңғылшаны сүртіп, содан кейін стақандарды, кофе шыны аяқтарын және ас құралдарын сүртіп шығады.
Кейбір жағдайларда, қызметкерлер әйнекті құрғату үшін тек сүлгілерді ғана емес, сонымен қатар киімдерінің етегін де пайдаланған. Ал екінші қызметкер алдымен шүберекпен душтың есігін, сосын стақандарды сүртті. Тағы бір видеоның бірінде қызметкердің стақанды және душты жууға арналған бірдей құралдарды қалай пайдаланатынын көруге болады.
Бұл жазбалар Қытайдың әлеуметтік желілерінде жылдам тарап кетіп, 31 миллионнан астам пікір жинады. Видеоны көрген желі пайдаланушылар жағаларын ұстап, ашуланды.
Видео жарияланғаннан кейін Бейжің, Фучжоу және Шанхай қалаларында орналасқан бірнеше ірі бес жұлдызды қонақүй халықтан ресми кешірім сұрап, өтініш жариялады.
Қонақ үй әкімшіліктері қызметкерлермен тренингтер өткізіп, барлық белгіленген стандарттарға қатаң сәйкестікті қамтамасыз етуге уәде берді.
Алайда, қонақ үй төңірегінде туындаған бұл оқиға Қытайдағы алғашқы дау емес. 2017 жылы жергілікті тілші Қытайдың Хэйлунцзян провинциясындағы Sheraton, Shangri-La және Kempinski қонақ үй желісіне тәжірибеден өтуші маман ретінде жұмысқа орналасып, тексеру жүргізіп шыққан болатын.
Сөйтсе, онда дәретханаларды, шыныаяқтармен және стақандарды бірдей ысқышпен тазалау дәстүрге айналған екен. Ал кереуетті үнемі жерде жатқан төсеніштермен жабдықтап келген. Желіде жарияланған жазбаның қорытындысы бойынша қонақ үй иелері тек айыппұлдармен және кемшіліктерді жою туралы міндеттемелермен шектеліп қалған.

stan.kz
19 қараша 2018 ж. 2 717 0