Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Желіде «Канелоның» дәріге ұқсас затты қолданғаны түсірілген видео талқылануда

Желіде «Канелоның» дәріге ұқсас затты қолданғаны түсірілген видео талқылануда

Желіде Геннадий Головкинмен айқасқа шығудан бір күн бұрын Сауль Альварестің дәрі сияқты нәрсені қабылдағаны түсірілген видео талқылануда, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Соңғы өлшеуден кейін мексикалық спортшының жаттықтырушы «Канелоның» аузына дәріге ұқсас бір нәрсе салып жіберді. Осыдан кейін Канело орындыққа отырғысы келіп еді, бірақ сүрініп еденге құлап қала жаздады. Сол уақытта команда мүшелері боксшыға тұруға көмектесті.
Ал, споршы қолданған заттың не екені белгісіз. Мүмкін, спортшы тұзды теңестірген болса керек. Бірақ бұл оқиға көпшіліктің назарын аудартып, допинг дауын еске салды.
Естеріңізде болса, ақпан айында Головкинмен екінші жекпе-жек алдында Альварестің қанынан тыйым салынған зат – кленбутерол табылған болатын. Алайда, мексикалық спортшының командасы «Канелоның» ағзасындағы тыйым салынған зат уланған ет арқылы келуі мүмкін екенін айтты. Дегенмен, Альварестің қанынан допинг табылуына байланысты ол 6 ай жарысқа қатысу құқығынан айырылды.
Айта кетейік, даңқты боксшы Геннадий Головкин Сауль Альвареспен болған жекпе-жектен кейін жантебірентерлік видео жариялады.
18 қыркүйек 2018 ж. 2 048 0