Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Леффлер GGG - "Канело" жекпе-жегі болмайды деген қауесетке қатысты пікір білдірді

Леффлер GGG - "Канело" жекпе-жегі болмайды деген қауесетке қатысты пікір білдірді

Мексикалық боксшының екі допинг-сынамасында тыйым салынған препарат – кленбутерол табылған
АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. K2/360 Promotions промоутерлік компаниясының басқарушы директоры Том Леффлер қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің кездесуі болмайды немесе кейінге қалады деп айтуға әлі ерте деп санайды.
"Канелоның" допинг-сынамасы тыйым салынған препарат – кленбутерол қабылдағанын растаған болатын. Мексикалық боксшы бұл жайтты отанынан әкелінген ет құрамында сол заттың болуымен түсіндірді. Ол кейінгі кездері сол еттен жасалған тағам жеп жүр екен.
Головкин мен "Канело" арасындағы жекпе-жек 5 мамырда Невада штатында өтуі тиіс, осы штаттың атлетикалық комиссиясы енді кездесудің әрі қарайғы тағдырын шешпек.
"Көрейік, WADA, комиссия және агенттік қалай шешер екен. Бірақ кездесу болмайды деген сөз жоқ", — деп мәлімдеді Леффлер Sky Sports басылымына берген сұхбатында.
"Қазір толық ақпарат жоқ, сондықтан бұл туралы ешқандай пікір білдіре алмаймыз", — дейді Головкиннің өкілі. 
Ал Дүниежүзілік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында GGG — "Канело" жекпе-жегі кейінге қалатындай қауіп төніп тұрған жоқ екенін айтты. Өйткені Канелоның бұрынғы допинг-сынамаларында ешқандай мін болмаған екен.
07 наурыз 2018 ж. 1 363 0