Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ол кісіні қазақылығы үшін жақтырмайды": Саясаткер Арыстанбек Мұхамедиұлы туралы

"Ол кісіні қазақылығы үшін жақтырмайды": Саясаткер Арыстанбек Мұхамедиұлы туралы

Жуырда мәдениет және спорт министрі ауысып, Арыстанбек Мұхамедиұлы қызметінен кетті. Осы орайда, көптеген қоғам белсендісі экс-министр туралы жазба қалдырып, оның еңбекқор азамат екенін айтты. Олардың қатарында саясаткер Мұхтар Тайжан да бар,

Айтарым, Арыстанбек Мұхамедиұлымен біз соңғы жылда жақын дос болып кеттік. Үйінде болдым, жеңгейді, балаларын көрдім, өте қапарайым, өте қазақы жанұя. Басқа министрлердің балалары ағылшынша немесе орысша мектебін бітірсе, Арыкеңнің балалары қазақ мектебін бітірген екен. Қазақылық үшін шығар бұл кісіні орыстілділер жақтырмайды”, - дейді ол. 
Әрі қарай Мұхтар Тайжан Арыстанбек Мұхамедиұлының әлеуметтік желіде барынша ашық жан екеніне тоқталды. 
«Әлеуметтік желілерде де бұл кісі ең ашық министр болды деп айтсам, артық болмас. Жұбанов мектебін, Ұлттық консерваториясын бітірген кәсіби музыкант. Қазақ домбыра күнін орнатқан адам былтыр осы Арыкең еді. Қазақ тариxы мен әдебиетін жатқа білетін кісі. Жұмыс жағынан не деуге болады? Кино, музыка, спорт, туризм салалар соңғы жылдарда қалай дамып кеткеніне баға бермей-ақ қояйын. Ал дәретxана деген проблеманы мемлекеттік бағдарламаға биыл ғана енгізген осы кісі болатын», - дейді саясаткер. 
Мұнымен қатар, ол арадағы қарым-қатынасының жақсы екеніне қарамастан, мұны теріс мақсатта пайдаланбағанын жеткізді.  
«Қазір айтуға болады, маған қызмет ешқашан ұсынған жоқ, мен де сұраған емеспін. Бізді біріктірген - адами қарапайымдылық, қазақылық, қазақ тариxы және әдебиет. Қайда жүрсеңіз де аман балыңыз, Арыке. Отбасыңызға тек аманшылық тілеймін!» - дейді Мұхтар Тайжан.
21 маусым 2019 ж. 922 0