Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Шын жақсы көрген жан кемшілікті айтады": Елбасы Абайды сынамауға шақырды

"Шын жақсы көрген жан кемшілікті айтады": Елбасы Абайды сынамауға шақырды

Әлеуметтік желілерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы сұхбатынан үзінді тарады. Аталған сұхбат барысында тұңғыш президент халқын шын сүйген азаматтың кемшілік айтуға бейім келетінін баяндайды,

Осы орайда, Нұрсұлтан Назарбаев Абайдың «Қара сөздерін» мысалға келтірді. 
«Өз халқыңды шынымен жақсы көріп, өз халқыңның патриоты болсаң, халқыңның кемшілігін де айта жүру керек. Ұлы Абайдың айтып кеткенін білеміз ғой. Соны кейбір ағаларымыз сынап жатады. «Біздің Абай ылғи қазақты жамандап, анаусы жаман, мынау жаман деп айтты» дейді. Сондай-ақ, орыстарда барлық жазушының елді мақтайтынын айтады», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев. 
Әрі қарай ол мұндай жағдайдың тек қазақта емес, өзге ұлт өкілдерін де кездесіп отырғанына тоқталды. 
«Мысалы, Пушкин де орыстың кемшілігін көп айтып кетті. Некрасов та, Толстой да солай. Сол себепті, шынымен де, халқын жақсы көретін адам ұлттың жаман жағын айтып, соны жақсартуға жұмыс істеуі керек. Жақсарсын, жаман мінезден ажырасын», - дейді тұңғыш президент.
http://stan.kz​​​
21 маусым 2019 ж. 881 0