Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Димаш қазақстандықтарды патриоттық киімімен тамсандырды

Димаш қазақстандықтарды патриоттық киімімен тамсандырды

Димаш Құдайберген Еуропалық II  ойындардың ашылу салтанатында Ogni Pietra (Olympic)  атты жаңа әнін ұсынды,

Еуропалық II  ойындардың ашылу салтанаты Беларусияда, Минскте өтті. Әнші жаңа туындысын шырқап жатқанда "Динамо" алаңында Еуропалық олимпиадалық комитеттердің туы пайда болды. Құдайберген "қазақстандық" образымен жиналғандарды тамсандырды. Әнші киген көк костюмде еліміздің туы бейнеленген. Құдайбергеннің өнеріне жиырма бес мыңға жуық адам тәнті болды. Еуропалық ойындарға  елуге жуық мемлекетін 4 000 спортшы келетіні хабарланды. Олар спорттың 15 түрі бойынша бақ сынайды. Еуропалық ойындарға  елуге жуық мемлекетін 4 000 спортшы келетіні хабарланды. Олар спорттың 15 түрі бойынша бақ сынайды.

Естеріңізге сала кетейік,  Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне оның МУЗ-ТВ премиясына киген сұр киімі ұнамай қалып, киімді тіккен отандық дизайнер Құралай Нұрқаліова сынның астында қалған еді.

https://stan.kz 

22 маусым 2019 ж. 914 0