Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Таразда сүрілген ғимараттың қабырғасы құлап әйел адамды басып қалды

Таразда сүрілген ғимараттың қабырғасы құлап әйел адамды басып қалды

Тараздағы Жамбыл алаңында бұрынғы "Шахристан" нарығының қабырғасы құлап, әйел адамды басып қалды,

2006 жылдың маусым айында ашылған "Ежелгі Тараз" тарихи-археологиялық паркінің жанында орналасқан "Шахристан" нарығы қайта жөндеуден өту үшін жабылғанын атап өту керек. Қала құрылысы кеңесі қабылдаған жоспарға сәйкес, бұрынғы нарық "Шахристан" деген атпен тарихи-мұражай кешені болуға тиіс. Биылғы жылы нарық ғимараттарын бұзу және кешен құрылысына дайындық жұмыстары басталды.
Құрылыс алаңында қоқыс жинап жүрген әйел адамды ғимараттың қабырғасы құлап, басып қалды. Бұл оқиға әлеуметтік желілерге тарап, азаматтар арасында талқыға түсті.
"Қоқыс жинау кезінде қысым түскендіктен қабырға құлады. Нарықтың қоршауларының қабырғалары жоғары сапалы кірпіштен жасалғанын ескере отырып, құрылыс кезеңінде қабырғасы сол құрылыс аумағы ретінде қалдырылды. Құрылыс аяқталғаннан кейін оны бұзып тастау керек болатын. Қазіргі уақытта қайтыс болғандардың туыстарына қажетті көмек көрсетілді. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша кінәлі адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады", - деп түсіндірді Тараз қаласының әкімдігі.
https://stan.kz
24 маусым 2019 ж. 663 0