Жанды дауыспен ән айта алмай қалған Төреғали сынның астында қалды

Бірақ, Төреғали Төреәлі өзіне нық сенімді. Өнер иесі талантын танытуға ешкім кедергі бола алмайтынын жеткізді. Өнер иесі дауысын қасақана ауыстырып жібергенін айтып ақталған.
"Әр кезде әртүрлі. Бір кезде көңіл-күйім болмай тұрады. Бірде дауысым шынымен шықпай қалады. Оған халық түсіністікпен қарайды. Бірақ кімге ақталып отырасың", - дейді өнер иесі.