Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Біз де қиналамыз": Нұржан Төлендиев кейде қарапайым ұстаз болуды армандайтынын айтты

"Біз де қиналамыз": Нұржан Төлендиев кейде қарапайым ұстаз болуды армандайтынын айтты

Танымал қазақстандық әзілкеш Нұржан Төлендиев жұлдыздардың да өмірінде қиындықтар болатынын айтты. Сондай сәттерде ең болмаса бір мектепте ұстаз болуды армандап кететін күндерінің болатынын жасырмады,

«Өміріміз қиналмайтындай болып көрінеді. Жоқ, біздің де қиналатын жерлеріміз болады. Ұзақ сапарлар мен кейде шаршап кеткен кезде таңертең шығып, кешкі сегіз жарымда үйге келіп, бала-шағамның ортасында отыратын жұмыс таңдамаппыз ғой деп ойлаймын. Тіпті, ең болмаса, мұғалім болмаппыз ғой деп ойлайтын кездер де болады. Ән нәрсенің қиындығы болады. Бірақ кейін сонша еңбегің бағаланып, рөлдерің ойдағыдай шығып жатса, алдындағы қиналғаныңның барлығы ұмытылып кетеді», - дейді актер. 
Әрі қарай Нұржан Төлендиев мемлекеттен көмек сұрап, ешқандай әрекет жасамайтын азаматтарды көп ұната бермейтінін айтты. 
«Дәм-тұзың таусылғанша, исламда берілген ырзық-несібеңді көріп кетесің. Сол сияқты кім байыса да, үлкен дәрежеге жетсе де, оған қайта іштей тілеутес бол. Сен біреуге тілеулес болсаң, Алла тағала саған да сондай бақ береді. Үйде жатып алып, «Ананікі дұрыс емес, мынанікі дұрыс емес» деп біткен сыншы болатындар көп. Меніңше, біздің қазақты құртып жатқан осы керітартпалық пен отырып алып біреуді жамандау. Не қыласың? Одан да таңертең тұр да еңбек ет», - деді Нұржан Төлендиев. 
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Нұржан Төлендиевтің «Қалаулым» бағдарламасына қатысты пікір білдіргенін жазған едік.
24 маусым 2019 ж. 2 019 0