Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Өзім ауырғаннан кейін": Мейрамбек Бесбаев қызының кім болғанын қалайтынын айтты

"Өзім ауырғаннан кейін": Мейрамбек Бесбаев қызының кім болғанын қалайтынын айтты

Бір ұл, бір қыздың әкесі Мейрамбек Бесбаев балаларының болашағы үшін қатты алаңдайды. Әсіресе тұңғышын ерекше жақсы көретінін жасырмайды ол. Қыз бала болған соң, үлкен перзенті Кәусардың өнер иесі үшін орны ерекше. Енді ғана оңы мен солын танып, талғамы өсіп келе жатқан арудың болашақта дәрігер болғанын қалайды әкесі. Дегенмен, Бесбаев қызының жан-жақты екенін айтып мақтанды. Мінезі тұйықтау қызы анасының жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп өссе екен дейді өнер иесі."Қызымды жақсы көремін. Мен бүкіл термелерімнің, әндерімнің барлығы қызыма арналған шығар деп ойлаймын. Жан-жақты, ақылды болғанын қалаймын. Авторлық құқық жүйеге келген жоқ қой. Жүйеге келгенде дауысымның, құқығымның бәрі Кәусарға қалады деп ойлаймын. Кәусар өте ақылды. Мен өзім ауырғаннан кейін бе, дәрігер болса екен деп армандаймын. Шешесінің жақсы қасиеттерін бойына сіңірсе деймін. Мінезі де ашық емес. Бала көзінен сондай", -дейді Мейрамбек Бесбаев.
https://stan.kz
24 маусым 2019 ж. 2 040 0