Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматылық ағайынның аманаты: Жұлдыздар арыстықтарға көмектесу үшін барды

Алматылық ағайынның аманаты: Жұлдыздар арыстықтарға көмектесу үшін барды

Жұлдыздар арыстықтарға көмек көрсету үшін барды.

Арыстағы оқиғаға байланысты өнер адамдары Шымкентке жетті. Олардың қатарында Сәкен Майғазиев, Қыдырәлі Болман, «Жігіттер» тобы, Ернар Айдар, Майра Мұхамедқызы, Нұржамал Үсенбаева, Жеңіс Сейдоллаұлы, Мөлдір Әуелбекова, Бүркіт, Әйгерім Қалаубаева, Құрмаш Маханов, Алтынай Жорабаева, Ақбота Керімбекова, «Заман» тобы, Жанболат пен Жазира, Қайрат Әділгерей, Жұбаныш Жексенұлы, Жанар Дұғалова, Әлішер Кәрімов, Арман Дүйсенов, Майра Ильясова, Айгүл Қосанова, Нұрлан Албан, Жанар Айжанова, Зарина Омарова, Бейбіт Кұшқалиев, Аманжол Әлтаев, Мұхтар Ниязов, Гүлнұр Оразымбетова, Серік Ибрагимов, спорт қайраткерлері Ермахан Ыбрайымов, Бахтияр Артаев, Серік Сапиев тағы да өзге өнер жұлдыздар бар.
Алматылық ағайынның ақшалай, заттай көмегін жинастырып, таң ертең Шымкент қаласына Жанболат пен Жазира табан тіреген. Бұл заттар ауыл-аймақтарда орналастырылған арыстықтардың өз қолына табысталмақ. Бұл жайлы белгілі журналист Асхат Садырбай желідегі парақшасына жариялады.
"Жанболат аға мен Жазира әпкенің бастаған коммандасы алматылық ағайынның аманатын бізге, Шымкентке жеткізді. Қазір бұл заттарды бөліп жатырмыз. Киім-кешек, азық-түлік, балаларға қажетті заттардың барлығы бар. Алматыдағы ағайынға рахмет. Енді біз бұл заттарды қаладығы пунктерге емес, ауыл-аймақтағы, елді-мекендерді жағалаған адамдарға апарып бермекпіз. Көп адамдарға жетпей жатыр. Оның үстіне ауылдағы адамдардың кейбірі тізімге енбей қалған. Сондықтан да адамдардың қолына апарып тапсырғымыз келеді", - дейді Асхат Садырбай.
Арыстық жұртқа көмек қолын созу үшін күні кеше Бағлан Әбдірайымов, Ерғали Әбдірайымов, Сәкен Майғазиев жолға шығып кеткен еді. Олар бара салысымен, адамдарды тыныштыққа шақырып, қолдарынан келгенше қолдау көрсеткен. "Арыстық ағайынды жылатуға емес, жұбатуға келгенбіз. Түркістан облысы бойынша 30-ға жуық эвакуациялық штабтар ашылған. Жиылған жылу, көрсетілген көмектің арқасында жағдай жаман емес. Арыстықтар асыл отанға аман-есен оралып, әулетімен түгел табысқай", - дейді Сәкен Майғазиев.
Өнер адамдардың елдегі жағдайға бей-жай қарамағаны туралы жаңадан сайланған мәдениет және спорт министрі кеңінен түсіндіріп берді. Ақтоты Райымқұлованың айтуынша алдағы уақытта жұлдыздар халықтың көңілін көтеру мақсатында тегін концерт беретін болады.
Министр Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы (Алматы) және Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық Академиялық кітапхана жанынан эвакуацияланған арыстықтарға қолдау көрсетіп, көңіл-күйлерін көтеріп, бастарынан кешкен қиындықты ұмыттыру үшін мәдениет және спорт министрлігінің атынан арнайы өнер адамдар жіберілгені жайлы хабар берген болатын.
"Эвакуацияланған адамдар шоғырланған жерлерде тұрғындарға және әскерилерге «Қазақфильм» күшімен ұлттық фильмдер көрсетілімдері ұйымдастырылады. 25 маусым мен 6 шілде аралығында «Арыстанбаб», «Әзірет-Сұлтан» кесенелеріне және Түркістан облысындағы басқа да тарихи және мәдениет нысандарына барлық ниет білдірушілерге тегін кіруге болады", - дейді Ақтоты Райымқұлова.

stan.kz
 

26 маусым 2019 ж. 555 0