Президент қиын өмірлік жағдайда қалған отбасылардың несиелік қарыздарын жабуға шешім қабылдады. "Қазақстан Республикасының үкіметі бір реттік негізде екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында тұтынушылық несиелерді төмендегідей жағдайларда өтеу бойынша шаралар қабылдайды:1) осы қарыздар бойынша қарызы өтелетіндер қатарына - көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылуына байланысты төлемдер алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын 18 жасқа толған бала күнінен мүгедектер; жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелет жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқандар;