Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент шешімі журналистердің мәртебесін көтере түседі – Намазалы Омашев

Президент шешімі журналистердің мәртебесін көтере түседі – Намазалы Омашев

"Үркер" сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімінде қазылар алқасының мүшесі, ардагер журналист Намазалы Омашев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың журналистер мәртебесіне байланысты пікір білдірді.

"Үркер" ұлттық сыйлығы осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Биыл 11 номинация бойынша жүздеген еңбектер өтті. Жыл сайын осыған түсетін материалдар деңгейі, саны да, сапасы да көтеріліп жатыр. "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" дегендей жыл сайын түскен материалдардың жүйріктерін анықтау бізге қиынға түседі. Алдымен жүздеген жұмыстың ішінен 4 финалист шығады, сол жасырын дауыс беру арқылы анықтаймыз. Биыл да сондай процесті бастан өткердік",- деді Омашев. 
Ардагер журналист журналистер мәртебесі туралы да айтты. 
"Бұл байланыс қызметкерлері мен ақпарат қызметкерлерін біріктіріп тойлайтын бірдеңе болған, шыныда." Винегрет" сияқты. Биыл президент мұны бөлгені өте дұрыс болды. Байланыс құралдарын 17 мамырға қойды да, бұдан былай БАҚ күні журналистер күні деп белгіленді. Бұл дұрыс шешім. Бұл біздің журналистердің мәртебесін, олардың қызметін одан да көтере түседі. Журналистерге шығармашылық табыс тілеймін. Әр уақытта өздерінің биігінде болып, шығармашылығын шыңдай беруі керек. Заман сондай, уақыт сондай. Қазір тек қана көптің көңілінен шығатын дүние оқылады, көрінеді, тыңдалады", - деп сөзін түйіндеді ол.

28 маусым 2019 ж. 766 0