"Іріктеуден өтпей қалдым": Мөлдір Әуелбекова Алматыға алғаш келген кезін есіне түсірді

Отбасындағылардың өнерге жақындығы болса да, үлкен сахнаны бағындырмағанын айтты әнші. Алайда, ата-анасының арманы қыздары арқылы орындалған көрінеді. Мөлдір Әуелбекова қандай жеттістікке жетсем де әке-шешемнің арқасында жеттім деп, жақындарын алғыс айтты.
"Әкемнің тамаша дауысы бар. Бірақ үлкен сахнада жүрген жоқ. Сол кісілердің арманы менімен тоғысты. Әкем қолымнан жетектеп, Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясына түсірді. Өнердегі барлық жетістікке ата-анамның арқасында жеттім", - дейді өнер иесі.