Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "ҚазАгрода" 4 млрд теңгеден аса көлемде негізсіз сыйақы төленген

"ҚазАгрода" 4 млрд теңгеден аса көлемде негізсіз сыйақы төленген

Қазақстанның Есеп комитетінің мүшесі Халида Қамбарова «ҚазАгро» холдингінде жүргізілген тексеріс нәтижелеріне қатысты кей мәліметтермен бөлісті,

«Холдинг есептерінде ұсынылған қызметтің негізгі көрсеткіштері оларды орындау бойынша ішінара немқұрайлы қадамдарды байқатады. Холдингтің ұйымдастырушылық құрылымының жетілдірілмегені көрініс тапқан, қызметтердің қайталануы фактілері анықталды», - дейді Халида Қамбарова. 
Қамбарова 2017-2018 жылдары «ҚазАгроға» 1,6 трлн теңге көлемінде қаржы бөлінгенін айтты. Комитет мәліметіне сүйенсек, активтерді тиімсіз басқару салдарынан холдингтің компаниялар тобы 2017 жылдың қорытындысы бойынша 126 млрд теңге, 2018 жылы 119,1 млрд теңге сомасына қаржылық шаруашылық қызметін шығынмен аяқтапты.
Бұл орайда Қамбарова холдингтік сыйақы төлеп келгенін атап өтті.
«2017-2018 жылдары қызметі шығынға ұшыраған кезде холдинг компаниялар топтарына 4,3 млрд теңге мөлшерінде сыйақы төлеген», - дейді комитет мүшесі.
https://stan.kz
03 шілде 2019 ж. 470 0