Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қар барысы қалай қорғалады

Қар барысы қалай қорғалады

Бүгін елордада қар барысы популяциясын сақтау мәселелеріне арналған "Қар барысын сақтау: популяциялардың жағдайы, ландшафттарды басқару және трансшекаралық ынтымақтастық" атты халықаралық конференция басталды.

"Бүгінде әлемде қар барысын қорғау бойынша көптеген іс-шара өткізіледі, бірақ оларда жалпы табиғатты қорғау немесе мысық тұқымдастарының барлық өкілін қорғауға байланысты мәселе талқыланады. Біз ілбіс популяциясын қорғаудың тар сегментіне мақсатты түрде назар аударғымыз келеді. Конференция барысында популяцияны сақтау бойынша неғұрлым тиімді мәселелер туралы ғылыми пікірталастар болып жатыр. Қар барысын сақтау мақсатында трансшекаралық ынтымақтастық туралы меморандумның таныстырылымы және ғылыми мақұлдануы, сондай-ақ біздің қор мен БҰҰ даму бағдарламасы арасындағы ынтымақтастыққа қол қойылады",- деді Snow Leopard Foundation қорының басшысы Ержан Еркінбаев.
Конференцияға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев те қатысты.
"12 ел алғаш рет осы маңызды мәселені талқылау үшін жиналып отыр. Бұл бастамасы деп білемін. Қар барысы Қазақстанның қызыл кітабына, Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне енген және еліміздің мемлекеттік символдарының бірі. Біздегі мәліметтерше, елімізде 11 табиғи қорғалатын аумақта 120-150 қар барысы мекендейді. Жобаның мақсаты - жоғалған түрді қалпына келтіру, санын арттыру",- деді министр.
Форумды Snow Leopard Foundation, қар барысын сақтау бойынша жеке халықаралық қоры ұйымдастырды. Қордың негізін қалаушы, құрылтайшы - қазақстандық кәсіпкер және қоғам қайраткері, меценат Нұрәлі Әлиев. 
"Қазақстанның елордасында ірі әлемдік қорлар мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ қар барысын қорғау мен айналысатын және аумағында барыс мекендейтін 12 елдің ең беледі ғалымдарын жинай алдық. Тәуелсіз Қазақстанның символы естептелетін осы жануарды сақтау үшін нақты қадамдарды жасау жоспарлап отырмыз. Зерттеу нәтижесінде фотоқақпандармен оларды түсіріп алу арқылы олардың мекендейтін жерлерін анықтау өте маңызды болып отыр. Себебі осы арқылы біз оларға нақты көмек көрсете аламыз",- деді Әлиев.
Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан, Моңғолия, Қытай, Үндістан, Непал, Бутан және Ресей сынды қар барысы мекендейтін барлық 12 елдің өкілдері қатысып жатыр. 
Қазақстанға БҰҰ Даму Бағдарламасының, Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының, Snow Leopard Trust қорының, қар барысын және оның экожүйелерін сақтау жөніндегі жаһандық бағдарлама хатшылығының, Халықаралық табиғатты қорғау одағының және басқа да халықаралық ұйымдардың сарапшылары келді.  
Қар барысы немесе ілбіс - еліміздегі мысық тұқымдастардың ең ірі өкілі. 2013 жылы Қазақстан "Қар барысы және оның экожүйелерін сақтаудың жаһандық бағдарламасына" қосылды. Сарапшыларлың айтуынша, сирек кездесетін түрді сақтау бойынша күш-жігерге қарамастан оныі популяциясы үнемі қысқарып жатыр. Мәселен, өткен ғасыр соңында қар барысының қазақстандық популяциясының саны шамамен 180-200 басқа бағаланған.  ҚР БҒМ зоология институтының есебі бойынша 2014 жылы Қазақстанда барлығы 110-130 ілбіс мекендеген.

https://baq.kz 

03 шілде 2019 ж. 1 243 0