Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Адами қасиетке жатпайды": Қайрат Нұртастың арт-директоры жұлдыздың неге ән айта алмай қалғанын түсіндірді

"Адами қасиетке жатпайды": Қайрат Нұртастың арт-директоры жұлдыздың неге ән айта алмай қалғанын түсіндірді

Сахнада сарсаңға түсіп, елдің көзінше ән айта алмай қалған Қарат Нұртасты желідегілер сөз еткен. Парақшаларда тез тараған бейнежазба туралы өнер иесінің арт-директоры Мира Келімбетова айтып берді. Оның пікірінше бұл іс Қайрат Нұртасты қаралап, жаманатты қылу мақсатында жасалған."Шынымды айтсам, мұндайға қатысты пікір білдіргім де келмейді. Бір қаскөйлер оның атын қаралағысы келеді, бірақ оған бола көңілімізді түсірмейміз. Құдай көріп тұр. Қайрат осыған дейін жанды дауыста ән салған да, салып жүр де, салады да. Біреулер хайпты ақшаға, ал біз тегін жасаймыз", - дейді Мира Келімбетова.
Әншінің бейнежазбасын көрген Сәкен Майғазиев пікір білдіруге асықты. Бұл кез келген өнер  иесінің басынан өтеді, не халықты, не өзіңді естімей қалатын да сәттер болады дейді ол. Қайрат Нұртастың жанды дауыста әнді керемет айтатынын білетін Майғазиев осылайша өнер иесін жақтап шыққан.
"Мұндай жағдай бес-алты жыл бұрын Витастың өмірінде болған. Оны да біреулер дәл осылай жазғырған. Негізі фонограммамен аппаратураның мүмкіншілігі аз кезде айтады, кейде телевизиялық бағдарламалардың өз талабы мен өтініші бойынша. Қайроштың жанды дауыста ән айта алатынын барлығы біледі. Бірақ сол бір жағдайда сонша сеніп отырғызған дыбыс режиссерлерінің сатқындығы деп айтуға болады", - деп пікір білдірді Сәкен Майғазиев.
Сәкен Майғазиев бұл жағдайға қай жағынан алып қарасақ та, дыбыс режиссерлері кінәлі дейді. Егер олар қасақана видео жасамаса бұлай болмас еді. Ал ондайы бар, техниканы дұрыстап, Қайратқа жанды дауыста ән айтуға мүмкіндік берген жөн деп ашуланды ол.
"Қайратты әріптесім болғандықтан жақтағаным емес, ондай жағдай кез келген кәсіби әншінің басынан өтуі мүмкін. Себебі алдыңғы монитор дыбысы қатты болған кезде нотадан ауытқу жағдайлары әбден болуы заңдылық. Техникалық райдерде айтылатын әннің барлық жағдайы қарастырылады. Бұл негізінен дыбыс режиссерлерінің қатесі, егер барлық талаптары қарастырылып, техника 100 пайызға дайын болса, Қайрат әнді жақсы орындап шыға алады. Мұны музыкадан сауаты бар адам біледі. Сол себепті дыбыс режиссерлерінің микрофонға жазылған дауысты қасақана видеомен қосып, таратуы адами қасиетке жатпайды. Бәрі де мүмкін", - дейді Сәкен Майғазиев.
https://stan.kz
03 шілде 2019 ж. 591 0