Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Су шашып жібергім келеді": Қайрат Нұртас өзі жайлы "масқара, сұмдық" деп пікір жазатындар туралы

"Су шашып жібергім келеді": Қайрат Нұртас өзі жайлы "масқара, сұмдық" деп пікір жазатындар туралы

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жағымсыз пікір жазып, түймедейді түйедей ететін адамдар жайлы жеткізіп, қандай жаза қолданғысы келетінін де айтты."Жаман пікір жазатындарға кейде осылай су шашып жібергім келеді десең. Әсіресе мен туралы "масқара, сұмдық" деп бастайтындар шы. Бірлікте өмір сүрейікші", - дейді Қайрат Нұртас.
Желідегі Қайрат Нұртастың тыңдармандары өнер иесінің сөзіне бір адамдай қосылып, жағымды пікір білдірді.
"Масқара Қайрат Нұртастың тоқалы бар дейтіндерге екі қолмен шашу керек қой", "Адам не демейді, бәрінің сөзін тыңдасаң өмір сүруге құлшынысың қашып кетеді", "Соларға таң қаламын, қалай ұялмай жазады екен. Бірақ ел не десе де, сені құрметтеймін", - деп пікір білдірді.
http://stan.kz
31 мамыр 2019 ж. 1 246 0