Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қарындасым, қарлығашым": Айдар Тұрғанбек тағы қыз ұзатуға арналған ән жазды

"Қарындасым, қарлығашым": Айдар Тұрғанбек тағы қыз ұзатуға арналған ән жазды

Қыз ұзатқаны үшін сынның астында қалған "Жігіттер" квартетінің солисі Айдар Тұрғанбек бұл туындының екінші нұсқасын жазып шығарды. "Қарындасқа тілек", "Қарындасым, қарлығашым" деп аталатын екі ән өнер иесінің той бизнесте сұранысқа ие болуына әсер еткен. Айдар Тұрғанбек қуанышты жаңалығын желідегі парақшасында бөлісіп, тыңдарманнан қолдау күтті."Мен бүгін жаңа ән жаздым. "Қарындасқа тілек" тундысын бәріңіз білесіздер. Соның екінші нұсқасы жазылды. Ол "Қарындасым, қарлығашым" деп аталады. Жаңадан шыққан ән, сөзі де әсерлі. Ұзатылайын деп жатқан қарындастарыма ұнайды деп ойлаймын. Тыңдап бағасын беріңіздер", - дейді Айдар Тұрғанбек.
Өнерін табыс көзіне айналдырып, киелі сахнадан той сахнасына ығысып жатқан Айдар Тұрғанбекті жұрт тағы да сынап тастады. Қанша рет ауыр сөз естісе де сынға сынбайтын өнер иесі пікірлерге мән бермеуге тырысқан сияқты. Алайда, Айдар Тұрғанбекті жақтағандардың да қатары аз емес.
"Ал, апаларыңыз ұзатылса, қалай болғаны? Тек қана қарындастарыңызды ғана ұзатасыз ба дегенім ғой", "Қарындасты ұзатуға барымды салып кірістім деңіз", "Жарайсың, тамаша бизнес", "Алланың нұры жаусын сізге, қазақтың әрбір қызы бақытты болуға лайық", "Сіздің қай әніңіз болса да мәні мен мағынасы үйлесімді", "Қайдағы жоқ әндерді жазғанша, осындай мағыналы туынды ұсыну керек", - десті жұрт.
https://stan.kz
03 шілде 2019 ж. 2 255 0