Шариғат бойынша үйленіп, үш рет "талақ" айтып, әйелдерін тағдыр тәлкегіне тастап кететін азаматтар жайлы жиі хабар тарап жатады. Өрімдей жас қыздар мен бұғанасы қатпаған ұлдар көбінесе бұл әрекеттерін ерте шаңырақ көтерумен, жар таңдауда қателесумен ақтайды. ҚМДБ, Шариғат және Пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы "талақ" деп ажырасу жөніндегі пікірімен бөлісіп, Шариғат бойынша қандай жағдайда "талақты" қайтарып алуға болатынын айтып берді.