"500 доллар": Көгершін бағатын Мейрамбек Бесбаев құстарының құнын айтты

Сонымен қатар, өнер иесі құстарының құнын айтып, көгершінін қандай бағаға саудалайтынын жасырмады. Дегенмен әнші көп жағдайда құстарды сыйлыққа алып, өзі де сыйлыққа бергенді жақсы көретін сыңайлы.
"Көгершінге деген махаббат ерекше. Бала күнгі махаббат қалмаған. Есейсек те кептер ұстаймыз. Ой қымбат емес. Ең қымбаты ары кетсе 500 доллар тұратын шығар. Ал былай 10 мың теңгеден басталады. Көбінесе маған сыйлайды. Оған қоса, таныс адамдардан аламыз", - дейді өнер иесі.