"Ұяттан безген": Ұлын құшақтап суретке түскен Иманбаева сынның астында қалды

Алайда, Иманбаеваның бұл суреті желідегілердің арасында қатал сынға ұшыраған. Ұлымен құшақтасып түскен сурет жұрттың көңілінен шықпай қалған сияқты. Олар өнер иесін аналық міндетіңді ұмытып, ұлыңа жабысып тұрсың деп сөккен. Тіпті бірі киіміне, тұрысына, күлгені мен құшақтағанына сөйлеп, өнер иесін сынап тастаған.
"Не тұрыс мынау. Ұлыңмен есі дұрыс ана сияқты тұрмайсың ба. Өзіңнің ана екеніңді ұмытып кеткенсің ғой деймін", "Ана мен бала емес басқа рөлді сомдап тұрған сияқты, қисаңдап", "Жасыңа сай киінбейсің бе? Осы әншілер ұяттан безген ғой деймін", "Үстіңіздегі көйлек қысқалау емес пе", - деп пікір қалдырған.