Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Кресло туралы ойлауға шамам жоқ»: Елорда әкімі жұмыс кабинетіне жаңа жиһаз сатып алу туралы

«Кресло туралы ойлауға шамам жоқ»: Елорда әкімі жұмыс кабинетіне жаңа жиһаз сатып алу туралы

Нұр-Сұлтан қаласының жаңа әкімі Алтай Көлгінов жұмыс кабинетіне жаңа кресло сатып алу туралы ақпаратқа қатысты жауап берді. Ол қазіргі уақытта жұмысының көптігі сонша, кеңседе болуға уақыты жоқ екенін айтты

Қала әкімі желіде өзінің жұмыс кабинетіне жаңа кресло таңдаумен айналысып жүргені туралы ақпарат пайда болғанын атап өтті. 
«Қазір кресло туралы ойлауға шамам жоқ. Жұмыс бастан асады. Уақытымның көп бөлігін кеңседе емес, сыртта өткіземін. Жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамын», - деп жазды Көлгінов Тwitterжелісінде.
Сонымен қатар ол жиһазды жаңартқысы келген әкімдік қызметкеріне бұл ойдан бас тартуды тапсырғанын айтты.
Еске сала кетсек, бұған дейін елорда әкімі үшін 3 млн теңгеге жиһаз сатып алуға тендер жарияланғаны туралы ақпарат пайда болған еді.
https://stan.kz
05 шілде 2019 ж. 567 0