Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балмұздақты қалай таңдаймыз?

Балмұздақты қалай таңдаймыз?

Жаз мезгілінде кез келген жастағы адамның сүйіп жейтін десерттерінің бірі – балмұздақ. Заманауи балмұздақтар пайдалы ма және оны қалай таңдау керек? Балмұздақтың құрамында мына ингредиенттер болуы керек: - Майлылығы 10%-дан төмен емес сүт; - Құрғақ сүтті қалдықтар: казеин, сарысулық протеиндер және лактоза; - Қант. Әдетте, ол сахароза мен глюкозалық шәрбаттың қосындысынан тұрады; - Тұрақтандырғыштар мен эмульгаторлар. - Су. Балмұздақ пайдалы ма? Балмұздақ жеген пайдалы, себебі оның құрамында 20-дан аса ақуызды аминқышқылдар, майлы қашқылдар, дәрумендер мен минералдар (фосфор, магний, калий, темір) бар. Сонымен қатар, ғалымдардың айтуынша, балмұздақ серотониннің түзілуіне ықпал етеді. Бұл гормон көңіл күйді көтереді, есте сақтауды жақсартады және ағзаның күйзеліспен күресуіне көмектеседі. Балмұздақ тамақты шынықтырады: оны тіпті, балалардың көмекей бездерін сылып тастағаннан кейін жеуді ұсынады. Балмұздақты жиі жейтін адамдарға тұмауға (ЖРВИ) қарсы тұру оңайға түседі.  Балмұздақтың зияны бар ма? Балмұздақтың калориясы мен қанты көп. Сондықтан егер артық салмақ тастағыңыз келсе, оны көп жеудің қажеті жоқ. Ең диеталық балмұздақ – жеміс мұзы. Балмұздақты ойық жарасы, созылмалы гастриті және тыныстық аурулары бар адамдарға жеу ұсынылмайды. Балмұздақты қалай таңдау керек? Сапасын тексерудің ең оңай жолы – оның бір бөлігін алып тексеру: егер ол оңай алынса, оның жақсы болғаны; егер ол мұз кристалдарымен қапталған болса, оны екінші рет қатырғандығын білдіреді. Балмұздақ аларда мына нәрселерге мән беріңіз: - Қаптамасының бүтіндігіне қараңыз: үрілген қаптама сақтау ережесінің бұзылғандығын білдіреді; - Заттаңбасында өнімнің құрамы, өндіруші, шығу күні және сақтау мерзімі көрсетілуі тиіс. Ингредиенттердің тізімінде сүт, қант және кілегей болуы керек; - Дұрыс өнімнің түсі ақ немесе сүтті болуы керек. Егер балмұздақ сарғыштау болса, оның құрамына өсімдік немесе сүтті емес майлар қосқандығын білдіреді; - Егер балмұздақ өз пішінін жоғалтып алған болса, оны екінші қайтара қатырған. Ал ол бактерияның көбеюіне әкеледі; - Глазурь біртекті жағылған болуы керек. Егер шоколадта ақ қатпарлар болса, оның құрамының нашарлығын немесе дұрыс сақталмағандығын білдіреді; - Егер балмұздақты даладан алсаңыз, алдымен өнімге деген құжатын сұраңыз. Егер құжатты көрсетпесе, ол күмән тудырады.
https://massaget.kz


05 шілде 2019 ж. 1 252 0