"Білім керек": Қайрат Нұртастың анасы ұлының кемшілігі туралы айтты

Қайрат Нұртастан да талантты өнер иелері бар дейді продюсер. Дегенмен, әр әнші өзінің ерекше қырымен тыңдарманды баурап алады, сондықтан Қайрат Нұртас ол жағынан көш бастап тұр дейді ол.
"Қайраттың дауысы - диапазонмен айтылатын дауыс емес. Одан да мықты айтатындар бар. Бірақ, ол басқа жағынан жаулайды. Дауысы жағымды, халыққа ұнайды, жүрекке жетеді, жұртқа керек", - дейді Гүлзира Айдарбекова.